Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер тонау дерегіне қатысы бар азаматты құрықтады

Қостанайлық полицейлер тонау дерегіне қатысы бар азаматты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 тамыз күні сағат 13:50 шамасында Қостанай қаласының оңтүстік полиция бөлімінің кезекші бөліміне көкөніс павильонының сатушысынан белгісіз ер адам қорқытып, кассадан 50 мың теңге алып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті белгісіз бағытта қашып кеткен. Қылмыс орнына жедел-тергеу тобы келіп, сатушы күдіктінің белгілерін сипаттап, тонау сәті дүкеннің бейнекамерасына жазылған.

– Аумақты айналып өту дереу басталды. Қылмыстың куәгерлері анықталды. Сол күні күдікті Қарабалық ауданы Смирнов кентінде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу нәтижесінде ұсталды, – деді Оңтүстік полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Болат Шубаев.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде  ҚР ҚК-нің 191-бап 2-бөлігі (Тонау) бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта ол ҚР ҚПК-нің 128-бабының тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру