Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер жол таңбасын өзгерткен жүргізушіні жауапқа тартты

Қостанайлық полиция қызметкерлері жол таңбасын өзіне ыңғайластырып өзгерткен жүргізушіні жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.Kz.

Облыс орталығының тұрғыны жеке үйдің ауласына кіруді жеңілдету үшін жолақты сызықты қара бояумен бояп, оны үзік-үзік етіп жасаған. Полиция қызметкерлері бұл деректі патрульдеу кезінде анықтады.

Облыс орталығының тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы (Жолдардың, теміржол өткелдерінің және басқа да жол құрылыстарының зақымдануы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Баптың санкциясы екі АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі жол қозғалысын ұйымдастыруға өз бетінше араласу ЖКО жасауға жағдай туғызатынын және жауапкершілікке тартылатынын ескертеді. Жыл басынан бері жол белгілері мен таңбалау талаптарын елемегені үшін 4 мыңнан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру