Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғыны өз анасын ұрды деген күдікке ілінді

Ақмола облысында анасын ұрды деген күдікке ілінген 51 жастағы азамат құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын қарт ананың қызынан ағасы 85 жастағы анасына дене жарақатын салды деген арыз түскен. Бүгінде 51 жастағы ер адам егде жастағы анасын ұрды деп күдіктеліп отыр.

Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Оқиғаның барлық жағдайы анықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 1 шілдеден бастап тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтетін заңнамаға енгізілген түзетулер күшіне енді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру