Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында такси жолаушысынан 14 келі марихуана табылды

Жамбыл облысында такси жолаушысынан 14 келі марихуана табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора – 2023” жедел алдын алу іс-шарасы шеңберінде Жамбыл облысының полиция департаменті есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, ҚР ІІМ есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл департаменті және “Бүркіт” ҚР ҰГ арнайы бөлініс қызметкерлері аса ірі көлемде есірткіні таксимен тасымалдауға тырысқан жолаушыны ұстау бойынша бірлескен іс-шара өткізді.

Жедел ақпаратты іске асыру барысында Меркі – Шу – Бурылбайтал трассасының 85-шақырымында Нива автокөлігі тоқтатылды. Тексеру кезінде машинаның артқы орындығынан Шу қаласының 50 жастағы тұрғынына тиесілі есірткіге ұқсас жасыл түсті заты бар полиэтилен пакет табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 14 келі 60 грамм болатын кептірілген марихуана болып шықты.

– Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу ауданының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі құралдарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады, – деп хабарлады полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқарма бастығы Әлім Бажықбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру