Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер пәтер ұрлығының 4 дерегіне қатысы бар азаматты қолға түсірді

Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел уәкілдері пәтер ұрлығының 4 дерегіне қатысы бар бұрын істі болған 40 жастағы қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдікті тамыз айының 6-9 күндері аралығында үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, жеке үйлердің пластик терезелерін сындырып, зергерлік бұйымдар, техникалық заттар, велосипед, Lenovo маркалы ноутбук, ұялы телефондарды қолды еткен. Ұрланған заттарды өз бас пайдасына иемденіп, сатып жібергендігі белгілі болды. Жалпы жәбірленушілерге келтірілген материалдық және мүліктік шығынның жалпы көлемі 1 млн-ға жуық.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігінің 3-тармағымен (Тұрғын үй-жайға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Ұрлық қылмысына қатысы бар деп күдікке ілінген азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сонымен қатар күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру