Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астаналық тұрғындар пәтерге ұрлыққа түскен азаматты ұстап алды

Пәтерден ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет істі болған 26 жастағы қала тұрғыны үй қамауында болған кезде тағы да бөтеннің пәтеріне ұрлыққа түскені белгілі болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұған дейін 9 шілдеде аталған азамат Манас көшесіндегі пәтердің бірінен ақша ұрлағаны белгілі болды. Тұрғын үйдің кіреберісінде тұтқаларды тартып, пәтердің ашық тұрған есігін көріп, ішке кірген. Қонақ бөлмеден ақша салынған әмиян тауып алған күдікті ішінен 65 мың теңге ақшаны алып, үйден шығып кеткен. Бақылау камераларын қарап шыққан пәтер иесі, қолында ақша ұстап пәтерінен шығып кеткен белгісіз біреуді байқаған.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Күдікті бұлтартпау шарасын бұзып, тағы да осындай қылмысқа барған. Абылайхан даңғылының бойындағы тұрғын үйдің кіреберісінде ашық тұрған есікті тауып алып, пәтерге кірген. Пәтер иелері үйде болғанына қарамастан, олардың ұйықтап жатқан сәтті пайдаланып, жігіт пәтерді тінте бастаған. Пәтер тұрғындары оянып кеткен кезде, ұры өтірік сылтау айтып, пәтерден шығып кеткен. Зергерлік бұйымдар салынған сандықшаның жоқ екенін байқаған тұрғындар, күдіктінің соңынан еріп, оны үй маңынан ұстаған.

Қазіргі уақытта жігіт ұрлық жасағанын мойындап, Астана қаласы ПД-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

Кіреберістерді бейнебақылау камераларымен жабдықтаңыз, пәтерлерді ұрлық дабылымен жабдықтаңыз және тұрғын үйлердің есігін аз уақытқа болса да ашық қалдырмаңыз, өйткені бұл еркін кіру арқылы ұрлыққа әкелуі мүмкін. Ашық есіктері бар пәтерлерді желдету кезінде есік тізбектерін орнатуды ұсынамыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру