Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда тұрғыны бейнебақылау камералары арқылы пәтеріне ұрлыққа түскен азаматты анықтаған

Елорда тұрғыны бейнебақылау камералары арқылы пәтеріне ұрлыққа түскен азаматты анықтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Белгісіз адам пәтерден 65 мың теңге ұрлаған сәтте, пәтер иесі үйде болғаны белгілі болды.

Таңға қарай үйіне оралған жас жігіт, есігін құлыптамай ұйықтап кеткен. Ашық қалған пәтерлерді аңдып жүріп, жас жігіттің пәтеріне тап болған күдікті, пәтерге кіріп, оның қонақ бөлмесінен ақшасы бар барсеткасын тінтіп, оның ішінен ақшаны қолды еткен.

Есіктердің тұтқаларын тарту арқылы ол пәтердің құлыпталмаған есігіне тап болып, ары қарай, пәтердің ішіне кірді. Қонақ бөлмесінде ақшасы бар барсетканы көріп, күдікті барсетканың ішінде тұрған ақшаны алып кеткен. Қабатта орнатылған бейнебақылау камерасынан қараған пәтер тұрғыны, өзінің пәтерінен бөтен жігіттің шыққаның байқап, дереу полицияға хабарласқан.

Алматы ауданының полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізі кезінде осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын бірнеше рет істі болған 26 жастағы елорданың тұрғынын анықтады.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады және Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға шақырады. Кіреберістерді бейнебақылау камераларымен жабдықтау, пәтерлерді күзет дабылдарымен жабдықтауға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру