Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған ақмолалық мас күйінде мотоцикл тізгіндеген күйде ұсталды

Ақмола облысында бұрын жүргізуші куәлігінен айырылған, мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 58 жүргізуші қылмыстық жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 шілде күні сағат 21:00 шамасында Ақмола облысы ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Макинск қаласында патрульдеу кезінде Космодемьянская көшесінде YAQI QY200 мотоциклын шлемсіз мінген жүргізушісі тоқтатылды.

Полиция мотациклды тоқтатқан кезінде ер адамның мас күйінде екенін байқады.

Медициналық қорытындыға сәйкес, 32 жастағы жүргізуші “ауыр” дәрежеде мас болған. Сонымен қатар, құжаттарды тексеру кезінде ағымдағы жылдың 26 сәуірінде жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан 7 жылға айырылғаны анықталды.

Осы дерекке қатысты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.

Полицейлер көлік құралын арнайы айыптұраққа қойды.

Егер сіз бұзушылықтың куәгері болсаңыз, оны смартфоныңызға тіркеп, осы бұзушылық туралы ақпаратты тұрғылықты жеріңіздегі полиция бөліміне жібере аласыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру