Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында жастарға алғашқы жеке куәліктері табысталды

Қостанай облысы полиция департаментінің қызметкерлері салтанатты түрде он алты жасқа толған азаматтарға жеке куәліктерін табыстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жеке куәлік — Қазақстан Республикасының әрбір азаматы он алты жасқа толғанда алатын алғашқы ресми құжаты. 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы азаматының алғашқы жеке куәлігі тегін рәсімделеді.

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты әлемнің 79 еліне визасыз кіруге мүмкіндік береді. Бұл — құжаттың халықаралық деңгейде жоғары мойындалғанының айқын көрінісі.

Полиция қызметкерлері жас азаматтарды маңызды оқиғамен құттықтап, олардың елінің лайықты азаматы болып қалыптасуына, заң талаптарын сақтап, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді құрметтеуіне тілектестік білдірді.

— Қазақстан Республикасы азаматының алғашқы жеке куәлігін алу — әрбір жасөспірім өміріндегі маңызды кезең. Бүгіннен бастап сіздер өз елінің толыққанды азаматтарына айналасыздар. Құқықтармен қатар, қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттер мен өз әрекеттеріңіз үшін жауапкершілік жүктеледі. Сондай-ақ "Заң мен Тәртіп" қағидатын ұстанудың маңызын ұмытпаған жөн, — деді Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақов.

Сонымен қатар Ұлы Жеңіс күніне арналған іс-шаралар аясында Отан қорғаушылар ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Қатысушылар Ұлы Отан соғысы батырларын бір минут үнсіздікпен еске алып, бейбіт өмір мен болашақ ұрпақ үшін жасалған ерліктеріне тағзым етті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру