Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда полицейлер қарияға құжат рәсімдеуге көмектесті

Маңғыстауда "Нелегал - 2026" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Мұнайлы аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі тобы азаматтарға мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шара барысында инспекторлар құжаттарының қолданылу мерзімі өтіп кеткен І топтағы мүгедектігі бар 69 жастағы қарияның тұрғылықты мекенжайына арнайы барып, қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын ұйымдастырды.

Көші-қон қызметінің мамандары қарияны суретке түсіріп, жеке басын куәландыратын құжатын жаңарту үшін қажетті құжаттарды қабылдады. Сондай-ақ жаңа құжатты рәсімдеу процесінің барлық кезеңінде жан-жақты қолдау көрсетті.

Аталған шаралар халықтың әлеуметтік осал санаттарына қолдау көрсетуге, олардың құқықтарын қорғауға және мемлекеттік қызметтерді кедергісіз әрі уақытылы алуына жағдай жасауға бағытталған.

Маңғыстау облысы полиция департаменті азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру