Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорда әуежайында полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған мас жолаушы жауапқа тартылмақ

Елорда әуежайында мас жолаушы полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласының халықаралық әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әужайды тексеру кезінде SCAT әуекомпаниясының “Астана – Шымкент” бағытындағы әуе рейсінің тіркеуіне кешігіп қалған масаң күйдегі Шымкент қаласының 51 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Мәселенің мән-жайын анықтау мақсатында полиция бөлмесіне жеткізілген кезде ер адам көлік полицейлерінің заңды талабына бағынбады.

Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес, оның “жеңіл дәрежелі” алкогольдік масаң күйде болғандығы анықталды.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 440-бабының 1-бөлігімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) әкімшілік материал процессуалдық шешім қабылдау үшін Шымкент қаласының әкімшілік сотына жолданды.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 30908 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартқан, оның ішінде 3202 адам алкогольдік ішімдіктер ішкен және қоғамдық орындарда масаң күйде жүрген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру