Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодардағы қоныс колониясында жазасын өтеп жатқан сотталған қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылды

Павлодардағы қоныс колониясында жазасын өтеп жатқан сотталған қатаң режимдегі мекемеге ауыстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қауіпсіздігі төмен №44 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 28 жастағы ер адам мас күйінде ұрлық жасағаны және көлік жүргізгені үшін қалаға шығып, қайтып оралмаған.

– Сотталған азамат өтініш бойынша қалаға тауарлар мен қажетті заттарды сатып алу үшін, яғни монша мен шаштаразға бару үшін барған. Алайда, ол кешке колонияға оралмады. Мекеме қызметкерлері алғашқы іздестіру шараларына бірден кірісті. Келесі күні ол Павлодар қаласындағы аулалардың бірінен табылды, – дейді мекеме басшысы Ардақ Иманғалиев.

Тұтқынның өзі айтқандай, ол қалаға шығып, бір арумен танысып, бір күнге пәтер жалдауға бел байлаған. Оның салдары туралы біле тұра осындай қадамға барған.

Ер адам ҚР ҚК-нің 427-бабы (Жазадан жалтару) бойынша қылмыстық жауыпкершілікке тартылды.

Бүгінде жазасын өтеуші жағымсыз мінез-құлық көрсеткішінің үшінші дәрежесіне ие. Заңға бағынған жағдайда, ол жеті айдан кейін бостандықта шығуы керек еді. Алайда оның жаза мерзімі ұзартылды. 

Арнайы контингент арасында мұндай заң бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заң бұзушылыққа жол берген сотталушыға қатысты демонстрациялық сот отырысы өткізілді.

– Сот үкімімен сотталушыны бір жыл бір айға бас бостандығынан айыру жазасын қатаң режимдегі мекемеде өтеу туралы үкім шығарды, – деп сот қаулысын хабарлады Қуаныш Төлебаев.

Сотталушы қайта қамауға алынып, сот залынан Павлодар қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру