Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-да сотталғандар Алғыс айту күнін атап өтті

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД-да сотталғандар Алғыс айту күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар абақтысында алғыс айту күні өтті. 1995 жылы дәл осы күні Қазақстан халқының ассамблеясы құрылды. Ол біздің елімізде тұрып жатқан барлық этностардың бірлігі мен достығы, татулығының символы.

№46 мекемеде Алғыс айту күніне арналған шара өтті. Мерекеге орай мекеме жанындағы техникалық колледжде оқитын сотталушылар колледждің этномәдени бұрышына киіз үйдің макеті мен тұрмыстық заттардың кішкентай пішіндерін табыстады. Сонымен қатар оқу орнының оқытушылар құрамы мен басшысына еңбектері үшін алғыс білдіріп, оқушылар әрі қарай да бұрышты осындай қолөнер бұйымдарымен толтыруға уәде берді.

– Аталмыш мереке жас буынның толеранттық, бір-біріне деген сыйластық сезімдерін оятып, этносаралық қарым-қатынастарды бекітеді, – деді басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Болатбек Тілеубаев. Айта кету керек, колледжде 75 сотталушы “Токарь” және “Автомобильдерді жөндеу бойынша слесарь” мамандықтары бойынша білім алуда. Жақын уақытта “Дәнеркерлеу ісі”, “Тігін өндірісі және киімді модельдеу” жаңа мамандығы ашылады деп жоспарлануда – деп атап өтті колледж басшысы Серік Дакенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру