Шымкентте бір аптада бейнебақылау камералары арқылы 10 қылмыс ашылды
Шымкентте бір аптада бейнебақылау камералары арқылы 10 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 30 қаңтары мен 5 ақпаны аралығында Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығының «102» арнасына түрлі сипаттағы 8 мыңға жуық қоңырау түскен.
Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 10 қылмыс ашылды: ұрлық, бұзақылық, автокөлікті заңсыз иемдену жайттары және т.б.
Атап өтейік, бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстарды лезде ашуға үлкен көмек көрсетеді.
Бұдан басқа, 1252 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) – 220,
ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу) – 55,
ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (қоғамдық орындарда тиісу) – 10,
Жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттары – 798,
Өзге де 169 құқық бұзушылықтар тіркелді.