Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері бірнеше сағатта 50-ден астам есірткі жарнамасын жойды

Шымкент полицейлері бірнеше сағатта 50-ден астам есірткі жарнамасын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы нашақорлықпен күрес жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді.


Мәселен, өткен аптада есірткімен күресушілер Жастар ресурстық орталығының, “Жастар Рухы” Жастар қанатының және жастарды қолдау жөніндегі аймақтық кеңес мүшелерімен бірлесіп “Есірткіге жол жоқ!” науқанын ұйымдастырды.


Шара барысында қаламыздың Әл-Фараби және Абай аудандарында бірнеше сағат ішінде 50-ден аса граффити боялып, есірткі жарнамалары жойылды.

Тәртіп сақшылары жастарды есірткіден аулақ болуға шақырады. Сондай-ақ есірткімен байланысты кез-келген заңсыз іс-әрекет қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін қатаң ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру