Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әріптесінің телефонын ұрлап, несие рәсімдеген шымкенттік тұрғын бас бостандығынан айырылды

Әріптесінің үйіне қонаққа барып, телефонын ұрлап, несие рәсімдеген шымкенттік тұрғын бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұран ауданының тұрғыны қымбат маркалы телефоны ұрланғанын айтып, полицияға арызданды.

Жәбірленушінің айтуынша, ұры бұдан бөлек смартфон арқылы банк қосымшасынан 1 млн теңгеден астам онлайн-несие рәсімдеп үлгерген. Бұл туралы ер адам барлық мобильді бағдарламаларды жаңа ұялы телефонға жүктеген кезде білген.

Тергеушілер аталған деректі ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігінде көзделген (Ақпараттық жүйеге заңсыз қол жеткізу арқылы жасалған ұрлық) бойынша тергеуді бастады.

Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінінің жеке басын анықтауға және оны ұстауға бағытталған қажетті іс-шараларды қабылдады.

Белгілі болғандай, арызданушының үйіне түскі асқа шақырған әріптесі ұялы телефонды заңсыз иемденіп, несие рәсімдеген.

Күдікті сол күні полиция басқармасына жеткізілді. Тергеушілер оның телефонды танысына сатып жібергенін анықтады. Ұрланған мүлік заңды иесіне қайтарылды.

Барлық айғақтарды жинаған полицейлер қылмыстық істі айыптау актісімен бірге сотқа жіберді. Сот үкіміне сәйкес, бұл қылмысты жасағаны үшін ер адам бір жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру