Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер зейнеткердің ақшасын иеленген алаяқты қолға түсірді

Ақтөбелік полицейлер зейнеткердің ақшасын иеленген алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 тамыз күні қалалық полиция бөліміне зейнеткер әйел арызданған. Оның айтуынша, оған белгісіз адам қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, әпкесі жол-көлік оқиғасын жасағанын хабарлаған.

Жалған полиция қызметкері жәбірленушіні оңалту және қылмыстық іс қозғамау үшін шамамен 1 млн теңге талап еткен. Қатты алаңдаған әйел мән-жайды тексерместен, алаяққа сеніп, сұраған ақшасын беріп жіберген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер жәбірленушінің үйіне қолма-қол ақша алу үшін келген жігітті анықтап, ұстады. Ол 32 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Полиция ұсталған адамның тағы бір ұқсас эпизодқа қатысы бар екендігін анықтады.

Тәртіп сақшылары алаяқтар өздерін полиция қызметкері ретінде көрсетіп, сіздің туысқаныңыздың қиындыққа тап болғанын хабарлауы мүмкін және мәселені оңтайлы шешу үшін белгілі бір мөлшерде ақша талап етуі мүмкіндігін еске салады. Мұндай жағдайда полицияның “102” нөміріне қоңырау шалу және ақпаратты тексеру керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру