Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысының тұрғынын тонаған екі ағайынды жауапқа тартылмақ

Жетісу облысының тұрғынын тонаған екі ағайынды жауапқа тартылмақ, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған дерек Көксу ауданында тіркелді. Онда жергілікті полицейлер тонау жасады деген күдікпен Теректі ауылының екі тұрғынын ұстады.

Күдіктілер, 37 және 46 жастағы ағайындылар болып шықты. Олар бір күн бұрын ауыл тұрғынына қонаққа барған, масайып қалғаннан кейін үй иесін ұрып-соғып, тонап кеткен. Ұялы телефоны, 20 мың теңге және автокөліктің кілтінен айырылған жәбірленуші Көксу аудандық полициясына арызданған.

– Қолма-қол ақшаны қоспағанда, жәбірленушіден тартып алған барлық заттар табылды және заңды иесіне қайтарылды. Ұсталған ағайындылардың бірі бұрын істі болғандығы белгілі болды. Қазір оларды қамауға алу туралы мәселе шешіліп жатыр. Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 191-бабына сәйкес (Тонау) жүргізіліп жатыр, – деп хабарлады аудандық полиция.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру