ІІМ кәсіпкерліктің реттелетін салаларындағы жұмыстарды аяқтады
Ішкі істер министрлігі кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру бойынша жұмысын аяқтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Премьер-министрдің орынбасары Е.Жамаубаев бекіткен 2023 жылға арналған бизнес-ортаны жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі медиа-жоспарды орындау үшін келесі мақаланы жариялауды сұраймыз:
“Жаңа парақтан” жаңа реттеу саясатын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап SmartDataUkimet платформасында кәсіпкерлік қызмет саласындағы міндетті талаптар тізілімін жүргізу механизмі іске қосылды.
Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі-бұл кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (Ұлттық экономика министрлігі) автоматтандырылған режимде қалыптастыратын және жүргізетін кәсіпкерлік қызметті реттеу салалары бөлінісіндегі реттеуші актілердің жалпыға қолжетімді дерекқоры.
Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидалары үкіметтің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысымен бекітілген.
Бір мезгілде ІІМ құзыреті шеңберінде мынадай салаларда тізілім қалыптастыратынын хабарлаймыз: халықтың көші-қоны; күзет қызметі; күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет; жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын адамдарды даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметі; азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы.
Нормативтік-құқықтық актілердің тізбесін және олардың жоғарыда аталған салаларға қойылатын талаптарын мына мекенжай бойынша қарауға болады “reestr.govtec.kz”, олардың қалыптасуы экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне сәйкес жүзеге асырылды (бұдан әрі – ЭҚЖК):
– Халықтың көші-қоны (ЭҚЖЖ – 8424 (қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет);
– (ЭҚЖЖ – 80101 және 80102 (жеке тұлғалар мен мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызмет);
– күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет (ЭҚЖЖ-80200 (қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелері саласындағы қызмет);
– жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын адамдарды даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметі (ЭҚЖЖ-85599 (басқа топтарға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге де қызмет);
– азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы (ЭҚЖЖ – 20511 (жарылғыш заттар мен өзге де пиротехникалық бұйымдар өндірісі).