Жетісу облысы ПД полицей аруларды мерекемен құттықтады
Жетісу облысы ПД погон таққан аруларды мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Талдықорған қаласының Мәдениет сарайында Жетісу полициясының әйелдер ұжымына салтанатты түрде құрмет көрсетілді. Әйелдер күнін мерекелеуге құрметті қонақ ретінде облыстық департаменттің барлық қызметтері мен бөлімшелерінің өкілдері, сондай-ақ ардагерлер шақырылды.
Салтанатты іс-шара департамент бастығы Атығай Арыстановтың құттықтау сөзінен басталды. Ол өз сөзінде форма киген әйелдердің төзімділігі мен мықтылығын, олар ерлермен тең дәрежеде полиция қызметінің ауыртпалығы мен қиындықтарына төтеп беретінін атап өтті. Ауа райының қолайсыздығына және тәулік уақытына немесе мереке және демалыс күндеріне қарамастан, олар абыроймен жұмыс істеп, қызметті үй шаруасымен ұштастырып келеді.
– Өз атымнан және бүкіл облыс полицейлерінің атынан әйелдерімізге зор денсаулық, сарқылмас жігер және кәсіби қызметте сәттілік тілеймін, – деп атап өтті А. Арыстанов.
Жетісу полициясының басшысы бірқатар әйел қызметкерлерді қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны, кәсіпқойлығы мен шеберлігін көрсеткені үшін марапаттауы туралы ҚР ішкі істер министрінің бұйрығынан үзіндісін оқыды.
Ішкі істер министрінің Құрмет грамотасына облыстық тергеу басқармасы бастығының орынбасары Самал Арғынғазиева ие болды, Ішкі істер министрінің грамотасына –Текелі қаласының ПБ аға тергеушісі Антай Қалиева, “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен ПД штаб бастығының орынбасары Жаннель Исмаилова марапатталды. II дәрежелі ішкі істер органдарының үздігі”төсбелгісімен Текелі қаласы ПБ ювеналдық полиция инспекторы Аяулым Дүзгенбекова марапатталды, ал Ақсу аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің инспекторы Сабина Сәпиева “Қазақстан полициясына 30 жыл” мерейтойлық медалінің иегері болды.
Сонымен қатар 74 әйел-қызметкер де полиция департаменті бастығының құзырымен марапатталды.
Мерекеге шақырылған ардагер әйелдерге, өңірдің құқық қорғау органдарына ұзақ жылдар қызмет еткен және зейнеткерлік демалысқа шыққан әйелдерге, қызметкерлердің аналарына, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан қызметкерлердің әйелдері мен аналарына ерекше назар аударылды.
Погондардағы әйелдерді құттықтау облыстық филармония әртістері мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен ұйымдастырылған үлкен музыкалық концертпен жалғасты.