Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық ауыл тұрғынының көлігін ұрлап кеткен

Ақмолалық ауыл тұрғынының көлігін ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астрахан ауданының полиция бөліміне Жалтыр ауылының 49 жастағы тұрғыны 3 наурыз күні сағат 23:00 шамасында белгісіз адам үй ауласынан оның Volkswagen Passat автокөлігін ұрлап кеткені туралы өтінішпен жүгінген. Келтірілген залал сомасы 1 млн теңгеден асады.

Автокөлік иесінің айтуынша, істерімен жол жүрмек болғандықтан ол көлікті үйдің ауласында құлыптамай, кілттерді тұтандырғышта қалдырған. Ер адам көлікті таппаған кезде «102» пультіне жүгінген.Полиция қызметкерлерін күтіп тұрған кезде ұры көлік иесінің жанынан өткен. Ақмолалық соңынан жүгірген. Көлікті жолда қалдырған күдікті басқа көшеде жасырынған. Бұрын сотталған 34 жастағы жергілікті тұрғын ауыл тұрғынының көлігімен жүріп қайтып, кейін оны орнына қоймақ болғаны белгілі болды. Бірақ көлік иесін көріп, қорқып, өтіп кеткен.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, Жалтыр ауылының тұрғыны “орта” дәрежелі мас күйінде болған.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақмола полицейлері көлік құралдарының иелерін мұқият болуға, тіпті қысқа уақытқа кетсе де, автокөлікті дабылмен жабдықтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру