Алаяқтарға сенген Семей тұрғындары ақшаларынан айырылды
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Абай облысы полиция департаментінің қызметкерлері өңір тұрғындары жасаған бірқатар интернет-алаяқтықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мәселен, Семей қаласының тұрғындары интернет-алаяқтықты тұрақты табыс көзіне айналдырып, терезе пластиктерін жасау және орнату сылтауымен өз сатып алушыларын алдап, алаяқтық жолмен банктік шоттардың көрсетілген деректемелеріне қызмет ақысын төлеуді сұраған. Алайда пластикалық терезе жеткізушілері тапсырыс берушілерге қызмет көрсетпеген.
Келтірілген залал көлемі 600 мың теңгеден асады.
Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қазіргі уақытта олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Ақпараттық технологияларды қоғамның барлық аспектілеріне кеңінен енгізу киберқылмыстың, әсіресе интернеттегі алаяқтықтың өсуіне әсер етіп жатыр. Абай облысында жыл басынан бері осындай 1500 қылмыс тіркелген.