Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның жеке құрамы жаздық киім үлгісіне көшті

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-да жеке құрамның жазғы киім нысанына көшуіне орай саптық байқау ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Саптық байқауды ҚАЖ департаменті кадр саясаты тобының бас маманы Әлішер Беркінбеков жүргізді. ҚАЖ департаменті ауласында барлық жеке құрам сапқа тұрғызылды.

Ә.Беркінбеков жеке құраммен амандасып, осыдан кейін қызметкерлердің нысанды киім-кешектері мен олардың сыртқы түрінің белгіленген нормаларға сәйкестігін тексеріп, қызметтік куәліктерінің, айырым белгілерінің талаптарға сай болуын және сәйкестігіне тексеріс жүргізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – жеке құрамның нысанды киім киіп жүруі мен сыртқы келбетін ұстау ережелерін сақтауын, сондай-ақ қызметкерлердің қысқы кезеңде іс-қимыл жасауға дайындығын тексеру.

– Жоспарлы саптық байқау жүйелі түрде, жылына екі рет – көктемде жазғы киім нысанына ауысқан кезде және күзде қысқы киім түріне өткен кезде өткізіледі. Саптық байқауда қызметкерлердің саптық дайындық дағдыларын, нысанды киім кию ережелерін сақтауы, қызметтік куәліктері, лауазымдары мен шендері тексерілді. Әрбір ішкі істер органының қызметкері сыртқы киім үлгісі ұқыптылығымен ерекшеленіп, заңнаманы білуі тиіс, – Ә.Беркінбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру