ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы құжаттар қабылдайтыны туралы жариялайды
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы магистратура мен докторантураға оқуға түсу үшін 2023 жылғы 1 сәуір мен 25 шілде аралығында құжаттар қабылдайтыны туралы жариялайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқыту жүргізілетін білім беру бағдарламалары: «Құқықтану»: магистратура (ғылыми-педагогикалық) және докторантура (ғылыми-педагогикалық) және «Құқық қорғау қызметі»: магистратура (ғылыми-педагогикалық, бейіндік), докторантура (ғылыми-педагогикалық, бейіндік).
Оқыту мемлекет есебінен жүргізіледі. Бұл ретте, білім алушы соңғы лауазым бойынша жалақының 70%-нан және сыныптық шеңі мен арнайы атағы үшін қосымша ақыдан тұратын стипендия алады.
Құжаттарды қабылдау сканерленген нұсқада «Қадағалау», «ЭҚАБЖ» АЖ арқылы жүзеге асырылады.
Қабылдау емтихандарын өткізу мерзімі: биылғы жылғы 10-20 тамыз аралығында.
Академия ректорының қабылдау туралы бұйрығы 25 тамызға дейін, ал қабылдау 1 қыркүйектен басталады.
Оқуға түсуге үміткерлерге қойылатын талаптар мен құжаттар тізімімен қосымшада және Академияның www.academy-gp.kz сайтында танысуға болады.