Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен Павлодар тұрғыны ЖКО жасады

Өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен Павлодар тұрғыны ЖКО жасады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 наурыз сағат 00:05-те Павлодар тұрғыны Қамзин көшесі 60-шы үйдің ауласында тұрған, 2008 жылы шыққан Mitsubishi Lancer көлігінің есіктері ашық, кілттері тұтану құлпында болғандықтан Ленин кентіндегі туысына жету үшін ұрлап кеткен. Бірақ баратын жеріне жеткен жоқ. Павлодар-Ленинский кентінің автожолының 9-шы шақырымында жолдың жиегіне соғылды. Содан кейін оқиға орнынан қашып, өтіп бара жатқан көлікпен қалаға жеткен.

Павлодарлық мұнымен тоқтап қалмады. Естай көшесіне дейін барып, онда үйдің ауласында сағат 04.15-те Toyota Estima автокөлігінің есігі құлыпталмағанын, ал кілттері тұтану құлпында қалғанын пайдаланып, көлікпен үйіне қайтқан. Павлодарлық ұрланған көлікті Қамзин көшесіндегі үйдің ауласында қалдырып кеткен.

– Осы фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 200-бабы (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Mitsubishi Lancer көлігі табылып, техникалық ақаулы жағдайда айып тұрағына қойылды, ақауы жоқ екінші ұрланған көлік де айып тұрағына қойылды. Осы жылдың үш айында Павлодар облысында көлікті заңсыз айдап әкетудің 15 фактісі тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5%-ға аз. Барлық фактілер ашылды, – деді Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары Болат Нұрсейітов.

Статистикаға сәйкес, Ертіс өңірінде Toyota көлігі ұрылардың арасында «үлкен сұранысқа» ие. Аталған көлікті ұрлаудың үш фактісі тіркелген. Көлік иелері қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін елемегеннен, көлікті түні бойы үйдің ауласында қалдырып, есіктердің, терезелердің жабылғанын тексермегеннен осындай қылмыс болады. Ал кейбіреулері тұтану қосқышындағы кілттерді мүлдем ұмытып кетеді. Сондай-ақ Mitsubishi, Audi және ВАЗ-2106 сияқты көліктер де ұрылардың көзіне ьірден түседі. Автокөліктерді көбінесе автотұрақтардан, үйлердің аулаларынан ұрлайды.

Тәртіп сақшысы ұрлықтың 70%-ы кешкі және түнгі уақытта жасалатынын айтты. Бұл аймақта олар кілтті таңдау арқылы немесе иелері көлікті ашық қалдырған кезде еркін қол жеткізу арқылы жүзеге асырылады. Көп жағдайда айдап әкетуді бұрынғы таныс адамдары жасайды, өйткені көліктердің кілттеріне қол жеткізе алады немесе айдап әкетуге қол жетімді жерлерде орналасқан, дабылмен жабдықталмаған автокөліктер ұрланады. Ал автокөлікті ұрлау туралы сигнал түскен кезде облыс аумағында дереу «ұстап алу» жоспары енгізіледі, оған сәйкес барлық сыртқы қызметтер тартылады. Сонымен қатар ұрлау фактісі бойынша шекара маңындағы өңірлер бағдарланады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру