Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жүргізуші куәлігін әперемін”: Шымкентте тағы бір алаяқтық дерегі анықталды

Шымкентте тағы бір алаяқтық дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 наурыз сағат 15:44-те Еңбекші ауданы полиция басқармасының “102” арнасы арқылы қала тұрғыны арызданды. Ол арызында өзі жылдар бойы достасып келген танысы жүргізуші куәлігін алып беремін деп сеніміне кіріп, 400 мың теңге ақшасын алып, алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін көрсеткен.

Аталған дерек ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Полиция қызметкерлері хабарламаны алған бойда жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматты бір тәулік ішінде қала аумағынан қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 30 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған, уақытша жұмыссыз.

Ұсталған азамат алған ақшаны жеке басының пайдасына жұмсап жіберген. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру