Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер көлікті сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған Көкшетау тұрғынын ұстады

Полицейлер көлікті сату туралы жалған хабарландырулар жариялаған Көкшетау тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда ақмола тұрғынының алаяқтықтың үш фактісіне қатысы бар екені анықталды, ал жәбірленушілер еліміздің әртүрлі өңірлерінің тұрғындары болып табылады.

Осы жылдың үш айы ішінде Көкшетау полициясына автокөліктерді сату туралы жалған хабарландырулар орналастырған интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматтардан бірден бірнеше өтініш келіп түсті.

«Тартымды» бағалы автокөлікті сату туралы ұсынысты жәбірленушілер Колеса.KZ танымал жарнама сайтынан көріп, кейін көлік иесімен байланысқа шыққан.

Алматының 33 жастағы тұрғынының айтуынша, ол Hyundai Tucson автокөлігін сатып алмақ болып хабарландыру авторымен байланысып, сатып алу – сату мәмілесі туралы келіскеннен кейін иесі хабарландыруды сайттан алып тастау үшін алдын ала төлем жасауды өтінген. Келіншек көрсетілген шотқа 50 мың теңге аударған соң көлік иесі байланысқа шығуды тоқтатқан.

Осыған ұқсас өтініштер Алматы облысы мен Қарағанды қаласының тұрғындарынан келіп түсті.

Барлық деректер бойынша полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Киберқылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді, нәтижесінде жалған хабарландырулардың авторы – Көкшетаудың 27 жастағы тұрғыны ұсталды.

Ұстау кезінде жедел қызметкерлер заттай дәлел ретінде ұялы телефондар мен 60 SIM картаны тауып алып, тәркіледі. Полицейлер ұялы телефондарды тексерген кезде құны 17,2 млн теңге болатын автокөлікті сату туралы жалған хабарландыру орналастырылған аккаунт тауып алды.
Қазіргі уақытта жәбірленушіге қатысты қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, алаяқтық әрекеттерден зардап шеккен басқа жәбірленушілер белгіленіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру