Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД бірінші тоқсанды қорытындылады

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Шаймерден Есенкелдиев жедел кеңес өткізіп, ағымдағы жылдың үш айын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел кеңеске жеке құрам қызметкерлері, мекеме басшылары және пробация қызметінің бастықтары қатысты. Жедел кеңесті ашқан Шаймерден Есенкелдиев ІІМ Алқа отырысында қойылған негізгі талаптар мен тапсырмаларды жеке құрамның назарына жеткізді. Жедел қызметтік жұмысының қорытындылары туралы департамент бастығының орынбасары Мұрат Нәкенов баяндама жасады.

Ол баяндамасында ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттарды өткізу дерегі, тінту жұмыстары және жазасын өтеушілермен өткізілген тәрбиелік шаралар, түзеу мекемесінен босатылған, жаза мерзімі қысқартылған сотталғандар туралы айтып өтті. Сондай-ақ департаменттің жеке құрамы арасындағы тәртіптің, заңдылықтың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жай-күйі, атқарылған жұмыстары мен ҚАЖ имиджін арттыру бағытында БАҚ беттеріне жарияланған ақпараттар жөнінде баяндады.

Одан соң департамент бастығының орынбасары Жүніс Әбдіқайыров сотталған азаматтардың жұмыспен қамтылуы, оларға көрсетілетін медициналық көмектің көрсетілуі және тылмен, қаржымен қамтамасыз ету және пробация қызметтері бойынша бірінші тоқсанда атқарылған жұмыстарды баяндады.

Жедел кеңесті қорытындылаған департамент бастығы ҚАЖ мекемелерінде алдағы уақытта атқарылатын міндеттер бойынша мекеме басшыларына сотталғандарды жұмыспен қамту бойынша жеке кәсіпкерлермен кездесулер өткізу, сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттардың жолын кесу бойынша жұмысты жандандыруды және олармен тәрбиелік жұмыстарды жиі жүргізуді тапсырды. Аудандық және қалалық пробация қызметінің есебіндегі азаматтардың қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында тиісті жұмыстарды атқаруды және жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстардың жүргізілуіне нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру