Қызылорда облысында пробация есебіндегі көпбалалы анаға әлеуметтік көмек көрсетілді
Жаңақорған аудандық пробация қызметкерлері есептегі әйелге атаулы әлеуметтік көмек алуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаңақорған аудандық пробация есебінде 70-тен астам сотталған азамат есепте тұр. Осы азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмектер пробация қызметкерлері тарапынан үздіксіз көрсетіледі.
Пробация есебіндегі көпбалалы, жалғызбасты анаға пробация қызметкерлері атаулы әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарды жинақтауға көмек көрсетті. Алдымен аудандық почта бөліміне барып, азаматшаның жеке есеп шотын аштыртуға ықпал жасап, одан әрі аудандық «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-ға барып, тиісті құжаттарын тапсыртқызды.
Нәтижесінде орталық мамандары құжаттарын электронды базаға енгізіп, атаулы әлеуметтік көмек тағайындалуға бұйрық шығарылды. Сондай-ақ бұл азамашаның тұрмыс жағдайы ескеріле отырып, жеке кәсіпкердің демеушілігімен қажетті азық-түлікпен, қаржылай көмек көрсетілді.