Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері жазасын өтеушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері жазасын өтеушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №60 мекемесіндегі сұрыптау бөлімінде жедел бөлім қызметкерлері жаңадан қабылданған сотталғандарға өз құзіреті шегінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

ҚР ҚК-нің 428-бабындағы (Қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына бағынбау) және ҚР ҚК-нің 429-бабындағы (Қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеменің қызметкеріне не оның жақындарына, сондай-ақ сотталған адамға қатысты күш қолдану қатерін төндіру немесе олардың денсаулығына немесе өміріне қол сұғу) талаптар түсіндірілді.

– Мекемеге жазасын өтеу үшін келген азаматтар алдымен карантин бөліміне 15 күнге оқшауланады. Содан кейін, әр бөлім қызметкері жазасын өтеуші азаматтарды қабылдау жұмыстарын жүргізіп, құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді. Санитарлық тексерістен өткеннен кейін, белгіленген жасаққа жіберіледі, – деді жедел бөлімінің жедел уәкілі Асхат Бағдаулетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру