СҚО криминалисі: «Адамдарды қорғау – Отанды қорғаумен тең»
Лауазым неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым жауапкершілік пен жұмыс қызықтырақ болатыны сөзсіз. Бұған СҚО ПД жедел-криминалистикалық басқармасының ең мықты қызметкерлерінің бірі – Александр Хлевов сенімді. Ол 2021 жылы криминалистер арасында өткен республикалық кәсіби шеберлік байқауында екінші орынды иемденген. Қазақстанның үздік криминалистері қатарына кірген Хлевов әріптестерін келе жатқан мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазір ол сотқа дейінгі тергеуді криминалистикалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы қызметін атқарады. Негізгі міндет – облыс аумағындағы оқиға орындарын тексеру сапасын бақылау. Бұл ретте басқа қызметкерлермен қатар суық қаруды зерттеу, саусақ іздері, трасологиялық, портреттік және баллистикалық зерттеулер жүргізеді. Сондай-ақ жас қызметкерлерді үйретеді, заң мамандықтарының студенттері үшін М. Қозыбаев атындағы СҚУ-де дәріс оқиды, сонымен қатар «БИЛ» (жеке басын биометриялық сәйкестендіру) жаңа автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйесінің әкімшісі.
Облыстың еңбек сіңірген криминалистерінің бірі, ІІО зейнеткері Сергей Плясунов қазір ЖКБ жас қызметкерлерінің тәлімгері Александрды 2007 жылы өзінің туған жері Жамбыл ауданында қызметін бастаған кезінен бастап біледі.
– Александр Хлевов криминалистің жұмысындағы басты нәрсе — үнемі өз-өзін дамыту екенін жақсы біледі. Осы уақытқа дейін оның сүйіп оқитын кітаптары – криминалистика саласындағы кітаптар болды. Ол әрқашан алдыңғы қатарда болуға тырысады. Ол адам терісінен қол іздерін кетірудің бірегей технологиясын жасауға белсенді түрде қатысқаны кездейсоқ емес, бірақ қазір моральдық тұрғыдан ескірген «Папилон» жүйесін өзгертуі керек «БИЛ» АДИС-ті енгізумен айналысып жатыр, – дейді Сергей Плясунов.
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Александр армия қызметінде Отан алдындағы борышын өтеген барлық солтүстікқазақстандықтарды, сондай-ақ полиция қызметкерлерін құттықтайды.
– Адамдарды қылмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау да Отанды қорғаудың бір түрі. Әріптестерімді осы тамаша мерекемен және алдағы Жеңіс күнімен құттықтаймын, ортақ Отанымызға қызмет атқару үшін күш пен төзімділік тілейміні, – деді ол.