Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері әріптесінің атына несие рәсімдеген ер адамды анықтады

Ақмола полицейлері әріптесінің атына несие рәсімдеген ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 сәуір күні Ақмола облысы полиция департаментінде ағымдағы жылдың ақпан айында өзінің бұрынғы әріптесінің құрбаны болған Степногорск тұрғынына қатысты дерек тіркелді. 22 жастағы жігіт өзіне несие алмақ болғанда өтелмеген несие бойынша қарызы бар екенін білген. Қала тұрғыны дереу полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер алаяқ бұрын телефон арқылы жәбірленушінің атына бірнеше рет онлайн-несие рәсімдегенін анықтады. Алайда несиені бірден өтеп отырған. Бірақ кейінірек ол жәбірленушіні ескертпей, шағын несие алған. Залал сомасы 250 мың теңгеден асады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Осыған байланысты Ақмола облысының полицейлері жақын адамдарына шағын несие рәсімдеуге рұқсат берген кезде азаматтардан қырағы болуды сұрайды.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыста 138 интернет-алаяқтық тіркелген. Полицейлерді алаяқтық жолмен онлайн-несиелеу деректері қатты алаңдатады.

– Жеке деректеріңізді немесе құпия ақпаратыңызды ешқашан және ешбір жағдайда ешкімге хабарламаңыздар: жеке куәліктердің фотосуреттерін, банк карталарының пин-кодтарын, шот нөмірлерін, әлеуметтік желілердегі парақ логиндер мен парольдарын, CVV2/CVC2 – банк картасының артқы жағында орналасқан кодтарды. OLX, kolesa.kz, Instagram сайттарындағы жарнамаларды мұқият тексеріңіздер, ешқандай жағдайда алдын-ала төлем жасамаңыздар, тіпті растайтын құжаттар ұсынылса да…”- деп ескертті жедел уәкілдер.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру