Масаң күйде тәртіп бұзған жолаушы пойыздан түсірілді
Көлік полицейлері Қызылорда облысы Жосалы станциясында Маңғыстау – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызынан құқық бұзушыны акт бойынша түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру барысында Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы облысының 54 жастағы тұрғынын анықтады. Қоғамдық орында масаң күйде болған ер адам ескертулерге құлақ аспаған, сөйтіп жолаушылардың мазасын алып, қоғамдық тәртіпті бұзған.
Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабының 1-бөлігі және 440-бабының 1-бөлігімен екі әкімшілік хаттама толтырылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды (34 500 тг).
Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 19 564 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.