Түркістан полициясының жас қызметкерлері музейге барды
18 мамыр Халықаралық музей күні қарсаңында Түркістан облысы ПД-ның кадр саясаты басқармасының ұйымдастыруымен облыс орталығының жас мамандары “Ұлы дала елі” музейіне барып, тарихи мұрағаттармен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлеріне аға ұрпақ қалдырған жәдігерлерді көрсете отырып, музей жұмысының рөлін арттыру, ІІО тарихы, қазақстандық полицияның ерліктерін дәріптеу, халық арасында полицияның оң имиджін қалыптастыру.
Мұндай шаралардың өткізілуінде үлкен мән бар. Себебі бұл – полиция қызметкерлері бойында патриотизмді одан ары күшейтіп, эстетикалық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Музейге барып, ұлттық құндылықтармен танысқан Түркістан қалалық полиция басқармасының жас полицейлері ерекше әсер алғандарын жеткізді.