Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де Халықаралық мұражай күні атап өтілді

18 мамыр – Халықаралық мұражай күні. Осындай мерейлі күнге орай ІІМ мұражайында қызметкерлердің балалары үшін арнайы экскурсия өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.

Мұражай – тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтайтын мекеме. Елімізде ежелгі замандардан бері ата-бабамыздан мирас болып қалған тарихи-мәдени мұра құндылықтары мен жәдігерлерін зерттеу­ге, сақтауға және қалпына келтіруге ерекше мән беріледі. Сондықтан мұражай күнінің де ерекше орын алатыны сөзсіз.

ІІМ мұражайы 1975 жылы Алматы қаласында ашылған. 1990 жылы Қазақ КСР ІІМ музейі КСРО ІІМ жүйесіндегі ең үздік мұражай болып танылған.

2000 жылдан бастап министрлік мұражайы елордада жұмыс істейді.

Қазіргі таңда мұражай жеті залдан тұрады. Онда ішкі істер органдарының даму кезеңдері көрсетіледі. Мекемеде екі мыңнан астам экспонат бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру