Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда көшеде дәрет сындырған азаматқа айыппұл салынды

Екібастұз қаласы ПБ қызметкерлері әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында ер адамның көшеде дәрет сындырғанын анықтады. 21 жастағы азаматқа айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Екібастұз қаласы ПБ учаскелік полиция инспекторы бұл фактінің 22 мамырда Сәтбаев көшесінде болғанын анықтады. 21 жастағы азаматқа қатысты ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалып, соттың қарауына жіберілді. Ер адам кінәлі деп танылды. Оған 48 300 теңге көлемінде айыппұл салынды.

– Жалпы, Екібастұз өңірінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 286 адам жауапқа тартылды, оның ішінде 164 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды, 122 азаматқа 5-тен 20 АЕК-ге дейінгі мөлшерде айыппұл салынды, – деді Екібастұз қаласы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Қанат Кәрімжанов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру