Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында жазасын өтеуші ерекше балаларға арналған дамыту ойыншықтарын даярлайды

Абай облысындағы қатаң режимдегі колониядағы жазасын өтеуші ерекше балаларға арналған дамыту ойыншықтарын даярлайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дамыту орталығының басшысы қатаң режимдегі колониядағы өндірістік цехта болып, түзеткіш ойыншықтары мен дидактикалық материалдар жасап мекеме әкімшілігі арқылы ерекше балаларға сыйға тартып журген сотталғандарға алғысын білдірді. Олар сыйға тартқан дамытуға арналған ойыншықтардың қатарында тепе-теңдік тақтайшасы, бизибордтар, “Сегена” тақталары да болды.

– Жақсы іс өзгеге ғана жақсылық емес, өзіңді де қуанышқа бөлейді. Балаларды дамытуға арналған ойыншықтар жасап жүргеніме бір жылдан артық уақыт болды. Бұл іс менің жаныма медет болды. Мені жұмыспен қамтамасыз еткен мекеме әкімшілігіне алғыс айтамын, – дейді сотталған Махмұд.

– Менің ойымша, бұл дүниеде жақсы ниетті адам жақсылық жасаса және оны шын жүректен алғыс білдірген алушы қайтарады. Балаларды жиі қуаныш сыйлап жүргендерге алғыс білдіріп, қол алысқаным дұрыс болар деген ойға келдім. Түзету ойыншықтары мен дидактикалық материалдар қазір өте қымбат. Сотталғандар бізге сыйға тартқан ойыншықтар сапалы ағаштан жасалған. Мен бостандыққа шыққаннан соң олардың өмірлерінің жақсарғанын қалаймын, – дейді “Инсайт” орталығының басшысы.

Атап өтетін жайт, Махмұд есімді жазасын өтеуші “Семей индустриалды колледжінің” мекеме ішіндегі филиалын “Ағаш ұстасы” мамандығы бойынша бітірген соң, атаулы №19 мекемесіне жұмысқа орналасқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру