Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында ЖҚЕ бұзған 850 жаяу жүргінші жазаланды

Өңірде соңғы екі аптада балалардың қатысуымен ЖКО-ның алдын алуға бағытталған «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полицейлердің назары, ең алдымен, жүріс бөлігінен өту кезінде жаяу жүргіншілер жол беретін бұзушылықтарға, сонымен қатар жаяу жүргіншілер өткелін елемейтін жүргізушілерге аударылған.

– Жол қауіпсіздігі желісі бойынша 2100-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Көшелерді кесіп өту ережелерін бұзған 850 жаяу жүргінші жауапкершілікке тартылды. 616 жүргізуші жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзғаны немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өткені үшін жазаланады. 632 жүргізушіге қатысты жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін хаттамалар толтырылды, – деп хабарлады жергілікті полиция қызметі басқармасы.

Аталған іс-шара 31 мамырға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру