Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда жылдамдықты шамадан тыс асырған жүргізушілермен күрес жалғасып келеді

Жамбылда жылдамдықты шамадан тыс асырған жүргізушілермен күрес жалғасып келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлерінің жеке көлікпен тасымалдаушылар жасаған бұзушылықтарды анықтау және алдын алу бойынша жүргізген жұмыстарына қарамастан, жүргізушілер жолаушылардың өміріне қауіп төндіре отырып, жол ережелерін бұзуды жалғастырып келеді.

30 мамыр күні полиция қызметкерлері Батыс Еуропа – Батыс Қытай республикалық автожолында аумақты патрульдеу кезінде тәуліктің әртүрлі уақытында сағатына 166 және 138 шақырым жылдамдықпен келе жатқан автокөліктерін байқаған. Әр көліктің салонында жолаушылар және кәмелетке толмаған бала да болған.

Тексеру барысында автокөліктердің бірінде газ баллонды жабдықты заңсыз орнату дерегі, сондай-ақ алдыңғы терезелерін қараңғылау түріндегі құқық бұзушылықтың болуы анықталды. Көлікте балалар отыратын құрылғы да болмаған.

Жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 592-бабы 2 және 3-бөлігі (Көлік құралының белгіленген жүру жылдамдығын арттыру) бойынша, сондай-ақ ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы-7-бөлігі, 590-бөлігі 10-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) және 593-бабы 1-бөлігі (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

– Облысымыздың барлық тұрғындары мен қонақтарына жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеміз. Егер, сіз жол қозғалысы ережелерін бұзған оқиғаға куә болсаңыз, онда ол туралы «102» арнасына қоңырау шала аласыз немесе инстаграмдағы zhambyl_police және taraz_police ресми парақшаларына жаза аласыз. Барлық келіп түскен қоңыраулар бойынша полиция қызметкерлері қажетті ден қою шараларын қабылдайды. Белсенді азаматтық ұстанымды және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті көрсете отырып, сіз болашаққа зор үлес қосасыз, – деді Жамбыл облысы ПД патрульдік полиция батальоны командирінің м.а. Дәулетбек Жанғабылов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру