Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жезқазғанда «Біз нашақорлыққа қарсымыз» жобасы аясында концерт өтті

Ұлытау облыстық полиция департаменті «Біз нашақорлыққа қарсымыз» жобасы аясында іс-шараларды өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Басты назар – білім беру мекемелері, студенттер. Жасөспірімдер арасында нашақорлықты болдырмауға үндеу мақсатында түрлі акциялар мен челлендждер, флешмобтар ұйымдастырылды.

Облыстық полиция департаменті мемлекеттік органдармен және ведомстволармен бірлесе нашақорлыққа қарсылық көрсету бағытындағы көптеген шара өткізуді жоспарлаған. Оның ішінде жасөспірімдер мен жастар басты назарға алынып, қаланың білім ордаларында дәрістер оқылып, байқаулар ұйымдастырылып, дөңгелек үстелдер мен спорттық шаралар өткізіліп жатыр.

Білім алушылар арасында есірткіні қолданбау және нашақорлықпен байланысты қылмыстық істерге бармау секілді ойларды қалыптастыру мақсатында Жезқазған қаласында мерекелік концерт өтті. Іс-шара барысында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру