Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында күштік құрылымдар арасында мергендер сайысы өтті

Ұлытау облысы полиция департаментінің жеке құрамы мен күштік құрылымдар арасында тапаншамен практикалық атудан IPSC жарысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Республика күніне арналған сайысқа бес команда қатысып, мергендігі мен қаруды меңгеру шеберлігін көрсетті.

Жарысты "ARLAN" спорт клубы ұйымдастырды. Сайыста "Арлан 1", "Арлан 2", "Қалқан", "Барыс" және "Ұлытау облысы ПД" командалары бақ сынады.

Командалық есепте бірінші орынды оқу-жаттығу взводының командасы иеленді. Екінші орынға "Қалқан" командасы тұрақтаса, үшінші орын жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың "Барыс" командасына бұйырды.

Жеке есепте де Ұлытау облысы полиция департаментінің қызметкерлері жүлделі орындарға ие болды.

Мұндай жарыстар құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін шыңдап, қызметтік даярлық деңгейін арттыруға, сондай-ақ күштік құрылымдар арасындағы өзара тәжірибе алмасу мен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар сайыс қатысушылардың дәлдік, шапшаңдық және жауапкершілік секілді маңызды қасиеттерін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Республика күніне орай өткен жарыс қатысушылардың кәсіби дайындығын танытып қана қоймай, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында қызмет ететін мамандардың бірлігі мен ортақ мақсатқа деген адалдығын көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру