Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында кездесу өтті

Маңғыстауда студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Осы мақсатта Маңғыстау облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Халел Өзбекғалиев атындағы облыстық жоғары политехникалық колледж студенттерімен кездесу өткізді.

“Заң мен тәртіп – студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу” тақырыбында өткен шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық білімін жетілдіру, заң талаптарын сақтаудың маңызын түсіндіру және әрбір азаматтың өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауын насихаттау.

Кездесуге қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің аға инспекторы Бағдаулет Келес және №43 мекеменің жасақ бастығы Азатбек Ақпанбет қатысты.

Шара барысында мамандар студенттерге заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың салдары және оның адам өміріне тигізетін әсері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар тақырыпқа сәйкес бейнеролик көрсетіліп, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды мәселелер қозғалды.

Кездесудің тағылымдық мәнін арттыру мақсатында №77 мекемеде отырған азаматпен онлайн форматта телекөпір ұйымдастырылды. Заңсыз есірткі айналымына байланысты қылмыс бойынша сотталған азаматпен өткен жүздесуде құқыққа қайшы әрекеттердің салдары мен оның адам тағдырына тигізетін зардабына назар аударылды.

Мұндай кездесулер жастарға өмірлік сабақ беріп қана қоймай, әрбір шешімнің салдары болатынын түсінуге, теріс әрекеттерден бойды аулақ ұстауға және болашаққа саналы көзқараспен қарауға ықпал етеді.

Заңды құрметтеу – елді құрметтеу. Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру