Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция мыңға жуық оқушымен құқықтық кездесу өткізді

Түркістан облысында полиция мыңға жуық оқушымен құқықтық кездесу өткізді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері білім беру ұйымдарында кездесулер өткізіп, оған 1000-ға жуық оқушы, педагог пен ата-ана қатысты.

Атап айтқанда полиция бөлімі бастығының орынбасары Руслан Ендібаев Қашқари және  “Қарнақ” жалпы білім беретін мектептерінің оқушыларының ата-аналарымен кездесті.

Кездесу барысында ата-аналарға бала тәрбиесіне жауапкершілік, заңнамада көзделген міндеттер түсіндіріліп, буллинг, вандализм, нашақорлық және басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары айтылды.

Сонымен қатар полиция бөлімі бастығының орынбасары Сапархан Апашов А. Молдағұлова, Ы. Алтынсарин және Әл-Фараби атындағы орта мектептердің оқушыларымен кездесу өткізді.

Ашық диалог форматында өткен кездесуде жасөспірімдерге кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттерін сақтау және құқықтық жауапкершілік түрлері түсіндірілді.

Полиция қызметкерлері оқушыларды бір-бірін құрметтеуге, құқыққа қайшы әрекеттерге бейжай қарамауға, сондай-ақ қандай да бір мәселе туындаған жағдайда ата-аналарына, ұтаздарына немесе полиция қызметкерлеріне дер кезінде жүгінуге шақырды.

 Мұндай профилактикалық кездесулер жасөспірімдердің өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және олардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру