Шымкент әуежайында мас күйде қоғамдық тәртіпті бұзған екі жолаушы 5 тәулікке қамалды
Шымкент әуежайында мас күйде қоғамдық тәртіпті бұзған екі жолаушы 5 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ұшып бара жатқан ұшаққа үлгеруге тырысқан Астана қаласының екі тұрғыны үшін бұл әрекет 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынумен аяқталды.
Ер адамдар Астанаға ұшатын рейстен кешігіп қалып, әуежай ғимаратында қоғамдық тәртіпті бұзған.
Әуе компаниясының өкілдері тиісті акт жасап, болған жағдай туралы көлік полицейлеріне хабарлаған.
Құқық бұзушылар рейстен түсіріліп, полиция бөліміне жеткізілді.
Шымкент қаласы әуежайындағы көліктегі полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген тексеру барысында 28 және 32 жастағы жолаушылардың ұшаққа отырғызу уақытына кешіккені және алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды.
Рейстен кешіккендерін түсінген олар өз наразылықтарын білдіріп, қатты дауыстап, қоғамдық орында балағат сөздер айтқан.
Олар қоғамдық орындарға алкогольдік масаң күйінде келгені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен олардың әрқайсысы 5 тәулікке қамауға алынды.
Тәртіп сақшылары еске салады: "Заң және тәртіп" қағидаты аясында көлік нысандарында қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмейді және мұндай құқық бұзушылықтардың жолы ҚР заңнамасына сәйкес қатаң түрде кесіледі.
