Елордада мас жүргізуші 15 тәулікке қамауға алынды
Астана қаласында "Мас жүргізуші – қылмыскер!" жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар рейдтік шара жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Рейд барысында Күйші Дина көшесінің бойында Volkswagen автокөлік тоқтатылды. Тексеру кезінде 52 жастағы жүргізушінің көлікті алкогольдік мас күйде басқарғаны анықталды.
Медициналық куәландыру нәтижесі бұл деректі растады.
Аталған факті бойынша құқық бұзушыға сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Өткен демалыс күндері полиция қызметкерлері көлік құралдарын алкогольдік масаң күйде басқарудың 20-ға жуық дерегін анықтап, заң аясында шара қабылдады.
