Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде автокөлік бөлшектері дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған азамат ұсталды

Ақтөбеде автокөлік бөлшектері дүкеніне қарақшылық шабуыл жасаған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

30 мамырда жедел басқару орталығының «102» телефонына автокөлік бөлшектерін сататын дүкенге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түсті. Сатушының айтуынша, дүкенге белгісіз адам басып кіріп, оны пышақпен қорқытып, 15 мың теңгені ұрлап әкеткен.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен облыстың 31 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті кінәсін мойындады және уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабы 3-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру