Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер өз міндетін атқару кезінде қаза тапқан әріптесін еске алды

Қостанайлық полицейлер өз міндетін атқару кезінде қаза тапқан әріптесін еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан қызметкер Медет Досымхановты әріптестері жыл сайын Қостанай облысы ПД қалалық және аудандық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир ұйымдастыра отырып еске алады.

Таран АІІБ криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы, аға лейтенант Медет Досымханов 1980 жылы Әулиекөлде дүниеге келген. Ол Қамысты ауданының Адаев кентіне мал ұрлығы туралы іс бойынша келіп түскен ақпаратты тексеру үшін жедел топтың басшысы болып барып, қайтыс болды. Оның өлімі мылтықтан ату нәтижесінде болған.

Жарыс Федоров ауылындағы “Атлет” орталық стадионында өтті.

Турнирдің ашылу салтанатына Федоров ауданының жергілікті атқарушы органы, қаза тапқан батырдың әріптестері, достары мен отбасы қатысып, турнир ұйымдастырушыларына алғыстарын білдіріп, қатысушыларға сәттілік, жеңістер мен денсаулық тіледі.

Жарысқа барлығы 8 команда қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша: І орынды Рудный қаласының ПБ, ІІ орынды Федоров ауданының ПБ, ІІІ орынды Қарабалық ауданы ПБ құрамасы иеленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру