Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте кәмелетке толмағандарға қатысты 66 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді

Жазғы демалысқа шыққан жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың арасында түрлі заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында 7-9 маусым аралығында Шымкент қаласы аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осыған байланысты, ЖПҚБ ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен түнгі уақытта рейд жұмыстары жүргізіліп, ойын-сауық орындары мен шаһар аумағы тексерілді. Аталған іс-шараның бір тәулігінде кәмелетке толмағандарға қатысты 66 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, қадағалаусыз жүрген 6 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды. Құқық бұзушылыққа бейім 11 бала және 5 қолайсыз отбасы ІІО-ның есебіне қойылды.

Мәселен, Қаратау АПБ-ның қызметкерлерімен жүргізілген рейд барысында түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық мекемесінде болған 6 жасөспірім анықталып, олардың ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы) бойынша хаттама толтырылды. Бұған қоса, 4 ойын-сауық орындарының иелері ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) жауапкершілікке тартылды. Түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 57 жасөспірім анықталып, олардың ата-аналарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Шымкенттік полицейлер ата-аналарды балаларына және олардың тәрбиесіне назар аударуға шақырады. Кәмелетке толмаған балалардың түнгі сағат 22:00-ден кейін үйде болуын қадағалауды ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру