Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Қуанышқа орай, менің ондай таныстарым жоқ»: Петропавл тұрғыны алаяқтарға төтеп берді

Петропавл тұрғыны алаяқтарға төтеп берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстікқазақстандықтар алаяқтықтың жаңа форматымен бетпе-бет келіп отыр: қаскүнемдер телефон арқылы өздерін полиция қызметкері ретінде таныстыра отырып, сөйлесіп отырған адамның жақын адамы заңды бұзды деп хабарлайды және қылмыстық жауапкершіліктен құтылу үшін қомақты ақша талап етеді. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері халықпен түсіндіру жұмыстарын жандандырды. Олар жадынамалар таратып, алаяқтардың айла-әрекеттерін түсіндіріп жатыр.

Кезекті акция барысында жедел уәкілдер СҚО әкімдігі жанындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топтың өкілдерімен және полицияның ерікті көмекшілерімен бірікті. Жедел уәкілдер Петропавл көшелерінде адамдармен кездесіп, №1 қалалық емханаға барды. Жасы үлкен адамдарға ескерту жасауға баса назар аударылады – олардың көбісі дерлік алаяқтардың құрбаны болады. Егде жастағы науқастар полицейлерге түсініктеме бергені үшін алғыс айтты.

Тәртіп сақшыларының тұрақты ақпараттық жұмысы өз нәтижесін беруде: көбінесе тәртіп сақшылары алаяқтармен қалай күресуге болатындығы туралы адамдардың әңгімелерін естиді.

Петропавлдықтардың бірі шалынған қоңырау туралы:

– Олар қоңырау шалғанда, мен оның кім екенін түсінбей қалдым. Дауысы бір менің танысымның дауысына ұқсап тұрғасын, оның атын атағанымда, «Иә, менмін» деп жауап қатты. Полицияға түсіп қалдым, ақша төлеп құтылу қажет деді. Қуанышқа орай, менің таныстарымның арасында есірткіге жақын адамдар жоқ, сондықтан бұл алдау екенін лезде түсіндім. Бірақ, шынын айту қажет, басында рас болып жатқандай көрінді, – деді ол.

– Жақындарыңыз бен таныстарыңызға, әсіресе жалғызбасты туыстарыңызға төнетін қауіптер туралы айтып беруіңізді сұраймыз. Жыл басынан бері облыста 295 интернет-алаяқтық тіркелді. Қылмыскерлердің айла-амалдары туралы ескерту-алаяқтықтың барлық түрлеріне тосқауыл қоюдың ең жақсы тәсілі, сондықтан профилактикалық жұмыс криминалдық полиция бөлімшелерінің негізгі жұмыс бағыттарының бірі болып қала бермек, – дейді СҚО ПД КПБ бастығы Марат Жұмалиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру