Атырау полицейлері мұнай өнімдерін жасырын тасымалдаудың 2 дерегін анықтады
Атырау полицейлері мұнай өнімдерін жасырын тасымалдаудың 2 дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес, облыс аумағында 7 маусым мен 5 шілде аралығындағы мерзімде Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін автомобиль көлік құралдарын дайындаушы зауытпен көзделген стандарттарға сәйкес келмейтін бензин бактарында әкету жағдайларына жол бермеу, тиісті рұқсатсыз жанар-жағармай бактарын орнату жолымен көлік құралдарын пайдалану қағидаларының бұзушылықтары фактілерін анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр.
Іс шараның 6 күнінде мұнай өнімдерін көлік құралына рұқсат етілмеген қосымша бактар арқылы жасырын тасымалдаудың екі дерегі, көлік құралының басқада техникалық талаптарының сақталмауының 21 дерегі анықталды.
Осы ретте атыраулық полицейлер көлік жүргізушілеріне жолдағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға және жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаудың соңы жауап тартуға әкелетінін ескертеді.